Тараз – 2013

Дәрістер жинағы

Тігін өндірісінің технологиялық дайындығы» пәні бойынша

Жеңіл өнеркәсіп юұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасы

Технологиялық факультеті

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедра мәжілісінде қарастырылды. Хаттама №___, __________ 2013 ж.

 

 

Құрастырған:

 

_______________ Омарбекова М.Т.

/қолы/

 

 

Кафедра меңгерушісі _______________ Джанахметов

 

№1 дәріс.Өндіріс участоктардың және кәсіптің әртүрлі типті тігін цехтардың құрамы.

 

Өндіріс участоктардың және кәсіптің әртүрлі типті тігін цехтардың құрамы өндірістің орындалатын қоланылуына, функциясына, жергілікті тұрғындарға көрсететін қызмет түріне және қызметті көрсету көлеміне байланысты.

Әрбір өндірістік бірлестуктің негізгі өндірістік бірлігі бас кәсіпорын болып табылады.

Басты кәсіпорын бірнеше ірі ұйымдастырылған қала ателье базысынан немесе киімді дайындау бойынша орталықтандырылған тігін цехтары бар бір ірі өндірістік бөлімдерден құрылуы мүмкін.

Басты кәсіпорын құрамына дайындау және көмекші өндірісі, материалдарды дайындап материалды-техникалық жабдықталу, нормативті-техникалық құжаттама. Өндіріс пен қызмет көрсетудің орталақтандыру дәрежесі әр түрлі және басты кәсіпорынға байланысты. Егер басты кәсіпорынға сән үйі кірсе, өндіріске жаңа модельдерді ендіруге модельді-конструкторлық дайындау үшін онда эксперименталды цех және әшікейлерді жасау цехы орналастырылады. Сән үйде эксперименталды цехтың орналасуы жоғары білікті мамандарды бір жерде тортайды. Әшекелеу цехы эксперименталды цехтың жанында орналасады, себебі әшекейлерді жасау жұмысы суретші-модельерлердің жұмысымен байланысты.

Басты кәсіпорында киімнің жартылай фабрикаттарын жасау және пішу цехтары жартылай дәрежелі орталықтандырылуы мүмкін.

Егер облыстық орталықта орналысқан кәсіпорын бірнеше құрылымдық бөлемшелерден тұрғызылған болса, онда әрбір ателье киім бір немесе бірнеше түріне мамандандыру керек (мысалы, әйелдер көйлегін тігу үшін арналған 1 дәрежелі (разряд) ателье, сыртқы киімдерді тігу үшін арналған жоғары дәрежелі ателье және т.б.).

Басты кәсіпорында өндіру көлемі көп болған жағдайда, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жұмысы төмендетіледі, сондықтан облостық орталықта басты кәсіпорыемен бірге қалалық фабрикалар (филиалдар) ұйымдастырылады.

Қалалық фабрикалары облостық немесес ірі қалады орналастырылады. Тігін фабрикасы дайындау цехынан, эксперименталды цехтан, пішу цехтан, тігін цехтан және дайын бұйымдарды сақтайтын қоймадан тұрады.

Аудан аралық фабрикалар ірі қалаларда немесе аудан орталықтарында орналастырылады. Басты кәсіпорыннан фабрика өзінің құрамымен анықталады. Қалалық фабрикадан айырмашылығы, аудан аралық фабрикада эксперименталды тобы, әшекейлерді орындайтын цехы бар. Кейде осындай фабрикада киімнің жартылай фабрикаттарын жасау үшін орталықтандырылған бөлімі болады.

Филиал ретінде өндірістік бірлестік киімнің жартылай фабрикаттарын жасау үшін мамандандырылған фабрика, киімді жөндеу және жаңалау фабрика болуы мүмкін.

Кімнің жартылай фабрикаттарын жасау фабрикасы облыс орталығында орналастырылады. Осындай фабриканың ұйымдық құрылысы жағынан көпшілік өндіру фабрикасына жақын, бырақ соңғы кезеңі бұйымды шақтап көру (примерка) және өңдеу жұмысы киімді жеке тапсырыс бойынша өндіру кәсіпорынға ұқсас.

Киімді жөндеу және жаңалау фабрикасы өңірдің облыс орталығында немесе ірі қалада орналастырылады. Киімді жөндеу және жаңалау жұмысы кезінде технологиялық процестің механизациясын көп пайдалану керек. Фабрика бір ғимаратта орналыстырылған біріңғай технологиялық кешен ретінде болуы тиіс. Киімді жөндеу және жаңалау фабриканың өндірістік құрамына киімнің барлық түрлерін жаңалау бойынша мамандандырылған цех, киімнің әртүрлі жөндеу жұмысының түрлерін орындау үшін өндірістік учаскісі, көркем жамау, бұйымды үтіктеу кіреді. Фабрикада бұйымды жөндеуге немесе жаңалау дайындау үшін сөгу және химиялық тазалау учаскілері кіреді.

 

№2 дәріс.Технологиялық ағымдардың сипаттамасы.

Тігін цехының құрылымы бойынша ағым сипаттамасы.Мамандандыру дегеніміз – ол еңбек өнімділігін көбейуіне жаңа мүмкіншілік беретін еңбекті бөлетін процес. Сондықтан мамандандыру техникалық прогрес үшін өте қажетті нәрсе. Жиі өзгерілетін, кеңінен қолданылатын бұйымдарды шығаратын салада, соның ішінде тігін өндірісте мамандандыру аса маңызды.

Өндірістің мамандандыруының негізгі үш түрлері бар – заттық (бұйымдық), бөлшектік және мамандандырылған жабдықтарды қолдануына себепші болады. Заттық мамандандыру өнімді жаппай шығаратын жұмысшылар мен жабдықтар толық жүктелінген өндіріс тиімді.

Өңделуі және өз бетінше өндіріске бөлінеді. Өз бетінше бөлінген өндіріс өнімі басқа цехтарда немесе басқа өнеркәсіпте бұйымды жинақтау процесіне жалғасуына мүмкін.

Кезеңді немесе технологиялық мамандандыру – ол киімді әзірлейтін бірыңғай процесті бірнеше қатарға бөлінетінін айтады., әрі оларды жеке ерекшелігі болады. Кезеңді мамандандыру ірі бірлестікте немесе тігін өнеркәсіптер шоғырлану ауданда киімді конструкциялау, модельдеу, матаны дайындап пішу жұмыстарын орталықтандыруын ұйғарады. Сонымен бірге ылғалды – жылулықпен өңдеу, бұйымды безендіру, дайын бұйымды сақтап, өткізу, жабдықтарды жөндеу жұмыстарын да орталықтандыруын шамалайды.

Екінші мен үшінші мамандандырудың айырмашылығы ке….. бөлшекті мамандандыруда бірыңғай процестен өзбетінше өндіріс болып кейбір элементтер бірнеше участкалардан бөлініп шығады, әрі процестің жалпы желісі өзгермейді. Ал кезеңді мамандандыруда бірыңғай процестен бір ізді орындалатын операциялардан ең үлкен немесе кіші тұтас учаскасы бөлініп шығады. Тігін өнеркәсіпте мамандандырудың үш түрі де қолданады. Мамандандырудың әр қайсысын кезең бойынша іске асыру қажет. Бірінші кезеңі – алғашқы мәліметтерді, нақты ұсыныстарды жасау, заттық мамандандыруды дәлелдеу жөнінде үлкен дайындау жұмыстарды жүргізу.

Заттық мамандандырылған өндірісте бұйымның келесі шамалы ассортиментті ұсынуға болады:

1. Пальто: маусымдық қысқы, ерлер, жоғары класс, мектеп жасындағы, жасөспірім балаларға арналған

2. Пальто: маусымдық, қысқы әйелдер, жас қыздарға арналған

3. Костюмдер: ерлер, жасөспірім, жоғары класс мектеп жасындағы балалар

4. Жүн матадан костюм, шалбарлар, жас балалар үшін

5. Мақта, зығыр матадан костюм, шалбарлар: ерлер, балаларға арналған.

6. Ерлер, әйелдер, жас балалар плащтар, курткалар

7. Пальто, курткалар: ерлер, әйелдер, балаларға арналған

8. Көйлектер: әйелдерге, мектеп жасындағы жас қыздарға арналған

9. Көйлектер: сәбилер, мектеп жасына дейінгі, төмен класта оқитын қыздар үшін

10. Мақта матадан көйлектер - әйелдер, қыздарға

11. Ерлер, балаларға арналған жейделер.

12. Спорттық киімдер

13. Әйелдер киім-кешек заттары

14. Жұмыстық киімдер

Мамандандыру деңгейіне модель, матаның түрі, конструктивті ерекшеліктер, өңдеу режимдер мен жабдықтар өте әсер етеді. Мамандандыру бар резервтерді әрекетке келтіреді және шығындардың ең кемінде өнімнің шығаруын аса көбейтуге мүмкіншілік береді. Бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату және бұйымның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тігін цехы жұмысының ұйымдастыру түрі бойынша ағым сипаттамасы.Технологиялық лектердің түрлері. Технологиялық лектер бірнеше көрсеткіштермен сипатталынады қуатпен, әзірлейтін модель, бұйымдар санымен, жіберілу түрімен және т.б.

Қуатына қарай лектер 3 топқа бөлінеді: кішкене, орташа, үлкен.

Кішкене қуатты лектерде кең ассортиментті бұйымдарды дайындауға болады. Бірақ бұл лекте операцияларды мамандандыруға жағдай болмайды. Сонымен бірге құрал-жабдықтар толық пайдаланбайды, жұмыс уақыты көбейеді, еңбек өнімділігі, механикалану және автоматизациялау деңгейі төмен және өңдеу ақысы өте жоғары болады.

Тігін фабрикаларда кеңінен қолданатын орташа қуатты лектер болатын. Бірақ одан да тиімді, үлкен қуатты лектер болады. Бұл лектерде жұмыс орындарды мамандандыруға жақсы мүмкіншілік және операциялардың біркелкі болуына және қайталануына толық жағдай бар.

Үлкен қуатты лектер жұмысының ұйымдастыру, оларды меңгеру оңайға түспейді. Сондықтан біраз зерттеу жұмыстарының арқасында оптимальды қуатты лектер қазіргі тігін фабрикаларда қолданады. Оптимальды қуат операциялардың орындалу уақытын, бұйымның еңбек сиымдылығын ескере отырып нақты модельдерге есептелінеді. Оптимальды қуатты лектерде еңбек өнімділігі, жабдықтардың пайдалануы жақсарады.

Оптимальды қуат келесі әдістермен табылады:

1) құрастыру әдіс - әр түрлі санды қуат бойынша бірнеше технологиялық схема жасалады. Схеманың техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеп салыстырады. Схеманың ең жақсы көрсеткіштері оптимальды лекті білдіреді.

2) графикалық әдіс - әр бір қуат бойынша такт (z) есептелінеді, және оның ауытқу шегін анықтайды. Тактің ауытқу шегінде операциялардың 60% астам саны жиналғаны – сол оптимальды қуат болып саналады.

3) кесте арқылы – алдымен технологиялық бірізділігі жасалады. Содан кейін әр интервалға түсетін операцияларды жазып санын қосады. Операциялардың ең көп жиналған интервалдың тактісін анықтап, оптимальды қуатты табады.

Технологиялық лектердің келесі түрлері болады:

1) Қуат бойынша – кішкене, орташа, үлкен

2) Құрамы бойынша – секциялы, секциялы емес

3) Бір мезгілде өңделінетін үлгілер саны бойынша – мамандандырылған, көпүлгілі, көпассортиментті;

4) Бойынша – бұйым секцияға даналап, біртіндеп немесе бір ортадан жіберіледі, екінші түрі бұйым бумамен әр жұмыс орнына жеке жіберіледі.

5) Сменаның жалғастырушылығы бойынша – жалғасатын, жалғаспайтын.

6) Жартылай фабрикаттардың жылжыу: а) тік сызықты, б) айналма, в) конвейерлі, г) агрегатты.

7) Ағынға жіберілу бойынша а) циклді, мысалы үш модель А,Б,В секцияға келесі схемамен жіберіледі: А,Б,В; А,Б,В; А,Б,В үлгілердің өнімділігі бірдей; немесе А,А,Б,В; А,А,Б,В,А,А,Б,В – сонда А модельдің өнімділігі 50%, ал Б мен В - әр қайсысы 25% барлық шығарылатын санынан, б) бірізді – ассортиментті – бұйымдар бірінен соң бірі жіберіледі, мысалы, смена арасында А үлгі RА уақыт бойынша өңделеді, Б үлгі – RБ уақыт бойынша, В үлгі Rв уақытта, сонымен смена ішінде үлгілер ауысып тұрады, ал RА + RБ + RВ = Rсмена – смена уақытына тең (8 сағат).

Үлгілердің ара қатысы әр түрлі болу мүмкін;

в) құрастырылған – бұл әдіс лекте бір мезгілде көп үлгілер өңделген кезде қолданады; Үлгілер топқа бөлінеді әр қайсысында 2-3 үлгі.

Топтың ішінде циклді жіберіледі, ал топтардың өзі – бірізді болып жіберіледі. Мысалы, бірінші топтың үлгілері R 1топ уақыт бойы, ал екінші топтың үлгілері

R2 топ уақыт бойы жіберіліп тұрады.

Тігін цехының жартылай фабрикатының ішкі үрдісті транспорттау әдісі бойынша ағым сипаттамасы.Лекті (ағымды) өндірістің негізгі көрсеткіші – ол жұмыстың ырғағы. Жұмыстың ырғағы немесе тактісі дегеніміз ол уақыттың белгілі бір, аралығы, осыуақыт сайын лектен бір дана дайын өнім шығын тұрады. Лек тактісіне қарай технологиялық ағымдар болады, (мысал агрегатты-топты лек).

Ағын ырғақтың бұзылуына келесі істер себепші болады: жартылай фабрикаттардың уақытылы түспегені, олардың сапалығы төмен болса, құрал-жабдықтардың жарамсыз болуы, операциялардың орындалу уақыты дұрыс анықталмағаны және жұмысшылардың дұрыс орналаспағандығы.

Ағымның тактісі біртіндеп лектің қуатына байланысты. Лектің түрі дегеніміз – ол лектің комплекті мінездемесі. Оның ішінде ұйымдастыру желісі, жарты фабрикаттардың жылжыу, қолданылатын тасымал құралдар, үлгілердің жіберу түрлері және т.б. анықтамалар.

Лектердің келесі түрлері болады:

1) агрегатты – жарты фабрикаттардың тік сызықпен немесе ирек жолымен жылжыу, бұйымдар даналап немесе бумамен өңделеді, ырғағы еркін, үлгілер аса еңбекті емес, үлгілер бірізді немесе ПАЗ жіберілген. Бұл ең қарапайым, аса өнімді емес технологиялық лектің ұйымдастыру формасы.

2) конвейерлі - әр түрлі конструкциялы конвейерлер қолданады, үлгілер даналап циклді немесе ПАЗ жіберіледі, ырғағы қатаң, жарты фабрикаттар тік жолмен жылжыды. Бұл орташа немесе үлкен қуатты лектерде, еңбекті, ірі көлемді бұйымдарды дайындау кезде қолданылады.

3) Агрегатты топты лек – киімнің жеке түйіндері мамандандырылған топ ішінде өңделінеді, жұмысшылар орны топтастырылған, үлгілер бумамен бірізді, ПАЗ, немесе циклді жіберіледі. Ырғағы еркін, топ арасында жарты фабрикаттар стол, арба, құлама арқылы жылжыды. Бұл тұрақты көп өзгермейтін бұйымдарды өңдеген кезде, үлкен және орташа қуатты лектерде, көбінесе дайындау секцияларда қолданады.

4) айналмалы – жарты фабрикаттар бірнеше данамен қорап ішінде конвейер арқылы тұйық шеңбер сызықпен жылжиды, жұмыс орындар мамандандырылған, ырғағы еркін. Кейбір кезде бұл сырт киім дайындаған лекте дайындау секциясында қолданады. Негізінде бұл орташа көлемді.

Жіберу сипаттамасы.Бірмезгілді дайындалатын үлгілер мен бұйымдардың саны бойынша ағынға сипаттама. Сондықтан көп үлгілі және көп ассортимент ұзақ уақыт бойы бір үлгі немесе бір бұйымды шығаруына байланысты ағын көрсеткіші мамандандырылған болып бөлінеді. Көп үлгілі ағында бір мезгілде бір бұйым түрінің бірнеше үлгілерін, копассортимет – бұйымның бірнеше түрлерін дайындайды.

Қоректену мінезі бойынша ағынды сипаттама. Ағын қоректену мінезі бойынша орталықтандырылған және деорталықтандырылған жіберілім болып бөлінеді.

Орталықтандырылған жіберілім дана және пачка, ал деорталықтандырылған – тек пачка болуы мүмкін.

Дана жіберілім бұйым жинақталған түрде табылады, технологиялық ағын бөлігінде немесе конвейерлік ағында қатаң қолданылады. Мысалға, әшекей секцияда немесе монтаж секциясының соңғы стадиясында кездеседі.

Дана жіберілімде аяқталмаған өндіріс аз қорға жетуі мүмкін болады. Ағымда осындай нақты ұйымдастыруды ұқыпты немесе нақты ұйымдастыруды талап етеді. Ритмикалық жұмысты қамтамассыз ету үшін.

Пачкалы жіберілім көбінесе дайындау секциясында қолданылады. Жұмыс орнына түсетін пачкадағы бұйым саны тасымалдау партиясы деп атайды. Пачкалы жұмыс жүйесінде көмекші қабылдау уақыты қысқартылады. Көмекші қабылдау орындауда уақытты көбірек үнемдеу тізбекті жұмыс деп аталады, яғни машина операциялар бір бөлшектен екіншісіне үздіксіз орындалғанда.

Пачкалы жіберілім жұмысшылардың жеке өндірістік еңбегін толығымен қолдануды қамтиды, жекеленген орындаушылар болмаған жағдайда жұмысты бөлуді жеңілдетеді. Дегенмен пачкалы жіберілімде шешілмеген өндірістің көлемі де ұлғайып, жұмыс ырғағын ұстану үшін жұмысшылардың тым жоғары саналылығын талап етеді.

Тасымалдау партиясының шамасы тасымалдау пачкасына арналған құралдардың қолдануына, ағын түрлерін ұйымдастыруына, бұйымның өлшемі мен түрлеріне және т.б. байланысты.

Оның шамасы бір пачканы өңдеу уақыты 30 мин-тан жоғары, яғни жұмыста монотондық пайда болмау керек. Киімдердің түрлері бойынша тасымалдау партиясының мүмкін шамалары келтірілген.

Жіберу әдісі бойынша ағынға сипаттама. Шағын мамандандырылған бірүлгілі ағында тізбектелетін жіберілім қолданылады. Көпүлгілі және көпассортименттік ағында бұйымды жіберілім әртүрлі жолмен пайда болады. Тігін өнеркәсібінде көбінесе үш жіберу әдісі қолданылады: циклді, тізбекті ассортимент және құрама (тізбекті-циклді).

Циклдік жіберілімде, бұйым ағынға цикл бойынша жіберіледі. Мысалы үлгілерді әзірлеуде үшүлгілі ағында А,Б,В жіберілім схема бойынша А,Б,В; А,Б,В; А,Б,В және т.б. немесе А,А,Б,В және т.б. пайда болады. Бірінші жағдайда А,Б,В цикіліндегі жіберілім үлгі бойынша бірдей, екінші жағдайда А үлгісінің жіберілімі жалпы жіберілімнің 50% құрайды, ал Б және В үлгі 25%-тен. Циклдік жіберілімде үлгі бойвнша шығарылым қысқа қатынаста өзгеруі мүмкін.

Дана қоректенумен циклдік жіберілім, қатаң ритмді конвейрлік ағында қолданылады. Конвейрлік емес ағында (пачкамен) бумамен қоректену циклдік жіберілім қолданылуы мүмкін.

Мұндай жіберілім бума-циклді деп аталады. Тізбекті-ассортимент әдістегі (ТАЖ) жіберілімде бұйым ағынға тізбекті яғни, әрбір жеке ағын мамандандырылған болып табылады, ал бір немесе бірнеше сменде бір бұйымнан немесе үлгіден екіншіге ауыстырылу жүреді.

Үш үлгілі ағында тізбекті-ассортиментті жіберіліммен RA уақыт бойы А үлгісін жібереді, RB уақыт бойы Б үлгісін. Сонымен (RA + RБ + RB) n = Rn мұндағы R – смен ұзақтығы, n – смен саны, үлгі бойынша бұйымды шығару қатынасы тізбекті ассортимент жіберілімде әр түрлі болуы мүмкін.

Комбинировалы жіберілім киімдердің үлгілерінің үлкен саны біруақытта әзірлеу, жеке түйіндерді өңдеу әдісі және еңбексыйымдылығы бойынша ажыратылады. Бұл жағдайда екі-үш үлгіден тұратын барлық үлгілер топқа бөлінеді. Топ ішінде үлгіні жіберу цикілдік әдісі бойынша өндіріледі, ал топтың өзі тізбекті-ассортимент бойынша. Комбинирлі жіберілім келесі схема бойынша пайда болады: бірінші топтың үлгілері R1 уақыт бойы, екінші топтық үлгілері - R2 уақыт бойы және т.б.

 

№3 дәріс.Тігін цехтың құрал-жабдықтары.

 

Киімді дайындау барысында тігін машиналар негізгі технологиялық құрал-жабдықтар болып саналады. Барлық тігін машинала сырып тігетін, арнайы және жартылай автоматты деп бөлінеді.

97 кл. ОЗЛМ машинасы (сур. 1.1) жұқа маталы бұйым бөлшектерді екі жіпті тігіспен шөлмекті тоқымамен сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 5500 мин-1; тепшім ұзындығы — 4 мм.

997 кл. ОЗЛМ машинасы (сур. 1.2) көйлектік маталы бұйым бөлшектерді екі жіпті тігіспен шөлмекті тоқымамен сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 5500 мин-1; тепшім ұзындығы — 5 мм.

51-А кл. ПМЗ торлау машинасы (сур. 1.3) бөлшек қималарын торлау үшін арналған. Екі жіпті және үш жіпті. Басты біліктің айналу жиілігі — 3500 мин-1; тепшім ұзындығы — 1,5-4 мм.

«Паннония» фирмасының С8 761-2 кл. Машинасы (сур. 1.4) көйлектің етегін тігу үшін арналған. Машинамен орындалған тігіс оң жағынан жасырынды көрінбейді, бір жіпті. Басты біліктің айналу жиілігі — 3500 мин-1; тепшім ұзындығы — 2-8 мм.

«Минерва» фирмасының 337 кл.машинасы (сур. 1.5) зигза тәріздес тігіспен шілтірлерді бұйымға сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 4000 мин-1; тепшім ұзындығы — 3 мм.

«Текстима» фирмасының 8630 машинасы (сур. 1.6) төрт инелі жұқа маларға және тоқыма кездемелерге жібек жіптермен кесте тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 300 мин-1; тепшім ұзындығы — 4 мм.

«Текстима» фирмасының 8607 машинасы (сур. 1.7) барлық түймелердің түрлерін, яғни екі және төрт көзді түймелерді, дөңгелекті және тіктөртбұрышты тоғаларды (кнопка), ілгектерді (крючки) тігуге арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 1500 мин-1.

ПМЗ В-241 кл. машинасы (сур. 1.8) шөлмекті тігіспен тігілген бүрмелерді кесу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі 1800-2200 мин-1; үстінгі тепшім ұзындығы — 10 мм, астыңғы тепшім ұзындығы —4 мм.

 

 

 

 

 

Сурет 1 – тігін машиналар

 

№4 дәріс.Дайындау цехы туралы жалпы мағлұмат.

 

Дайындау цехының негізгі мәселесі – маталарды сапалы және саны бойынша қабылдау, матаны пішуге дайындау (енін, ұзындығын өлшеу, полотнадағы тоқыма ақауларын белгілеу), кішігірім маталарды минималды.

Цехта материалдарды қабылдау, бұмадан шешу, сапасын тексеру жұмыстары орындалады. Сонымен бірге матаның ұзындығы мен енін өлшейді, жайма жасайды, матаның пайдалануын есептейді, және матаны төсемге іріктеп алады.

Тігін фабрикаға мата контейнер ішінде кесек немесе бума тәрізді түрінде келіп түседі. Жүкті түсіріп болған сон, оны бума шешетін және бумадан босатылған мата сақтайтын учаскеге апарады. Матаны жолдама құжаттар бойынша қабылдайды (есеп-фактура, тізім бойынша). Әр бір партияға өлшеу ведомость жазылады, ал әр бір мата кесегіне реттік нөмер беріледі.

Содан кейін мата жарамдылығын тексеру бөлмеге түседі, бұл жерде матаның сапалығы мен санын анықтайды, ол дегеніміз матаның әр кесегінің ұзындығы мен енін анықтап, матаның сұрыпын (сапасын) белгілейді. Осы жұмыстар ПРС-140 сияқты машина арқылы бір мезгілде орындалу мүмкін. Бұл машина болмаған жағдайда, кәдімгі, ұзындығы 3 метр столды қолданады. Сапасы тексерілген матаны бір тіндеп немесе топтастырып қатар сөрелерде сақтайды. Мата сақталатын бөлменің іші құрғақ, жақсы желдетілетін, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60-65%, температура 16-20 °С градус болу керек.

Мата кесегін тиімді пайдалану үшін матаны алдын ала төсемге есептейді. Төсем есебін мамандандырылған машинада және арнайы бағдарлама көмегімен компьютерде орындауға болады.

 

№5 дәріс.Дайындау цехында қолданылатын көтерме-көлікті қондырғылар.

 

Дайындау цехында қолданылатын көтерме-көлікті көтерме-көлікті қондырғылар екі үлкен топқа бөлінеді, олар: құрылысы жағынан қоймамен байланысқан құрал-жабдықтар (скаттар, тельферлер, элеваторлар және басқалар); қоймамен байланыспаған құрал-жабдықтар, яғни қоймада еркін қозғалады (рельсіз механикалық және қолды көлікті саймандар).

Станционарлы көтерме-көлікті қондырғылар. Роликті конвейердің роликтері осі бойынша жылжымайтын рамада бекітілген. Роликтер өзінің осі бойынша еркін жылжиды. Роликтер әртүрлі металдардан жасалғандықтан оның жылжуы жұмсақ және дыбысы төмен.

Станционарлы таспалы конвейер бекітулі таспа болып келеді. Конвейер таспасының ені 300-1200 мм болады. Станционарлы таспалы конвейердің ұзындығы 5-20 м және биіктігі 1,3-7 м болады, таспаның жылжу жылдамдығы 0,63-4 м/с.

Еркін қозғалатын қондырғылыар. Еркін қозғалатын көтерме-көлікті қондырғыларға әртүрлі механикалық және қол арбалар, электрокарлар, электроштабелерлер және басқалар жатады.

Қол арбалар бірнеше типті болып шығарылады. Олар: Көтерме платформасы бар ТПП арбасы, У24-71 арбасы, түбі бар ТШП-94 арбасы.

Электроштабелерлер көтерме-көлікті машиналарға жатады. Оның ерекшелігі ол өзінің айыры бар жүккөтергішпен арнайы арбаға жүкті көтеріп апарады.

Қозғалмалы таспалы конвейер кипті маталарды және басқа жүктерді автокөліктен дайындау цехға дейін тасымалдайды.

ТШП-82 жүк тасығыш рельсті өзі жүретін арба болып келеді. Жүк тасығыш орама маталары бар немесе дайын бұйымдары бар әмбебапты конвейерлерді тасымалдау үшін арналған.

Жер асты жүк тасушы - КШП 53 жүйелі блокты және тоқ сымды жазық платформалы өзі қозғалатын релісті арба болып табылады, онда тоқты двигателін алу үшін шлейфті кабель орналасқан. Жүк тасуды басқару дистанционды, сонғы орында автоматты тоқтатытуды қамтамассыз етеді.

Штабелелер ТШП 89 көтергіш платформалы, өзі қозғалатын бағытталуы бойынша ауыстрылатын арба болып табылады. Платформада жұмысшы оператор орналасады. Оператор рулондарды жүктеу және мата рулондардың стелажға жүктелуі бойынша әр түрлі жұмыстарды орындайды. Оперетордың қауіпсіздігі үшін платформаларда сақтау қоршауы бар.

№6 дәріс.Ақау емес маталар қоймасы. Матаны сандық қабылдау.

 

Ақаулы емес мата қоймасы.Тігін өндірісі жұмысын үзіліссіз жүргізуде оны матамен және басқа да маталармен қамту үшін ақаулы емес мата қоймасында артығымен сақталуы өндірістің сұранысына тең маталар тұрады.

Қойма өлшемі – тігін өндірісінің мүмкіншілігіне жабдықталу шартына, өндіріс алаңының өлшеміне баланысты болады.

Негізгі принципі қойманың тиімді орналасуы болып табылады: жүктің тасу жерінің тік сызықтығы және оның созылуының максималды қысқаруы, жүкті тасмалдау ыңғайлылығы және көтеру жолының ең жақсы байланысы, қойманың өндіріс цехында ең жақсы қызмет көрсету үшін жақындығы, өрт қауіпсіздігі талабын қамтамассыз ету. Ақаулы емес маталар қойманың орналасу орны цехтың аймақтық орналасуна байланысты. Ол өндіріс мекемесінің өлшемінің төменгі аумағында да және сыртында орналасуы мүмкін. Маталы ашылған киптер контейнерлер немесе стелажда сақталады. Стелаждар стоционарды және қозғалмалы механикаландырылған болуы мүмкін.

Стоционарды стеллаж қарапайым сөрелер немесе ұялы сөрелер биіктігі бойынша бірнеше қабаттарда орналасқан болып келеді.

Көп қабатты стеллаждың секциясы темірлі каркасты екі немесе үш сөреден тұрады: биіктігі мен ені мынадай стеллаж секциясының есеппен таңдалады, яғни маталардың еркін орналасуы қамтылсын. Сиымдылығын жүк көтеру транспорты құрал-жабдықтарының рулон салмағы мен оның өлшемі, есебімен санайды.

Стационарды түрдегі стеллажға шырша түріндегі стеллаж жатады, олар мата рулондарын жүктеу және жүктемеу және жүктеме үдірісінің механикаландырылған шарты кезінде сақтау үшін қолданылуы мүмкін.

Көп қабатты стеллажды қоймалар тоқты жүктеушілермен, штабелермен немесе кранды штабелермен қызмет көрсетеді.

Қоймаға қабылданған маталар сақтау тәртібі бойынша орынында ұстап матаны қоймада ыңғайлы орналасуын қамтиды. Оның сақтау орны және қойма операциясын орындауымен орналастырады. Осындай тәртіп кезінде келесі негізгі ережелер сақталады:

- сақтаудың әрбір орнында, стеллаждың әрбір сөресінде, әрбір штабелде, әрбір атаулы бір енді және бір түсті, бір артикулді маталар сақталу қажет;

- маталар мынадай жерде және мынадай жағдайда, яғни осы маталардың физико-механикалық қасиетін нашарлатпай және олардың сандық және сапалық сақталуын ең тиімді түрде қамтамасыз етуімен орналастырады;

- мата, мақта, аралық матаны бір штабелде немесе бір қатарда сақтауға жіберілмейді, өйкені олар бір-біріне зиянды әсерлер (кірленген талшықтармен, боялған және т.б.) беруі мүмкін;

- көп сұранысты қолданылатын маталар, сонымен қатар өлшемі және салмағы бойынша ең ауырлары, берілетін орнына жақын орналастырылады (мұндай маталарды стеллаждың төменгі сөрелерінде сақтайды).

Қоймаға түсетін әрбір жаңа маталарды бөлек орналастырады. Стеллаждармен сөрелер маталардың орналасуы үшін әріпті немесе әріпті –цифралы болып белгіленеді. Әріпті - цифралы жүйеде стеллаждың қатарын әріппен, ал стеллаж секциясын, сөресін цифрамен белгілейді.

Мталарды сандық қабылдау.Киімдерді дайындау үшін қолданылатын матаның немесе басқа да матаның сандық өлшемі болып 1 см-ге дейін (жуықтаусыз) дәлдікпен өлшенетін ұзындығы мен ені табылады.

Матаның ұзындығы мен енінің соңғы өлшемі барлық тігін өндірісі үшін міндетті болып табылады. Матаның сандық дұрыс анықталуы кішігірім маталардың қалдықсыз есеп әдісін қолдану үшін қажет.

Матаның ұзындығы мен енін өлшеу. Кішігірім матаның ұзындығы сол матаның басы мен соңы арасының қашықтығымен, ал ені – матаның екі шеткі жиегінің арасымен анықталады.

Кішігірім мата өлшемін өлшеу көлденең өлшенетін үстелде өлшенетін сызғышпен орындайды. Өлшейтін үстелден басқа өлшейтін ақаулы машинаны қолданады, оның қателік өлшемі өлшенетін үстелде өлшенген нәтижелерімен салыстыру бойынша ±0,3 % құрайды.

Барлық маталардың оң бетімен өлшейді, рулонға өлшенгеннен кейін оң бетін ішіне қарата орайды.

Түксіз маталардың ұзындығын өлшеуді былай жасайды, өйткені өлшенгеннен кейін және матаны рулонға өндірістік тоқыма белгісін сыртында қалдырып орайды.

Тігін өндірісіндегі мата енінің өлшеу қажеттілігі тоқыма өнеркәсібінде болатын шығарылатын матаның ені бойынша, жіберілетін ауытқу шкаласына негізделеді. Бүл операция алдағы уақытта матаны пішу кезінде жақсы қолдануға мүмкіндік береді. Кішігірім мата енін әрбір 3 м сайын өлшейді.

 

 

№7 дәріс.Ақаулы маталарды сақтау қоймасы. Конфекциялау.

 

Тігін бұйымдарына материалдарды дұрыс таңдау үшін, технологиялық жабдықтардың жұмысының оптималды режимін және операцияның орындалуының техникалық шартын қамтамасыз ету үшін текстиль материалдарының конфекциялаудың негізгі міндеттерін білу қажет.

Киім пакетіндегі текстиль материалдарын конфекциялау дегеніміз, бұл материал жүйесіндегі белгілі көрсеткіштер қасиетімен материалдарды таңдау, мұндағы олардың көрсеткіштері алдын – ала анықталған немесе болжамдалған болуы мүмкін.

Текстиль материалдарының конфекциялауы 2 түрлі әдіспен орындалуы мүмкін:

1.эмпириялық берілгендер негізінде осы материалдардан қасиеттер көрсеткішінің пакетінің белгілі қасиеттер көрсеткішінен материалдар таңдау жолымен. Материалдардың жарамдылық туралы қорытындысы, осылардан пакетті зерттегенненкейін беріледі.

2.осы пакетті құратын берілген материалдар қасиетінің көрсеткіштері негізінде киім пакетінің қасиеттерін болжамдау негізінде. Бұл тажырма модельді оптимизациялық бірізділігімен жалғасатын үдірісті математикалық модельдеумен шешіледі. Материалдар жарамдылығының қорытындысы осы пакетті зерттегенге дейін беріледі.

Материалдардың конфекциялау мақсаттары

Бірінші әдіспен киім пакетіндегі материалдарды таңдауда 4 негізгі мақсаты қолданылады:

Бірінші мақсаты киім пакеті мен берілген материалдардың қасиеттер көрсеткіштерінің бірліктері арасындағы көлемдік байланысын бағалау мен бекітіледі.

Конфекциялау әдісінің екінші түрі берілген материалдар қасиеттерінің білу арқылы пакет қасиетін болжамдауға негізделген.

Екінші мақсаты әртүрлі қасиеттері бар материалдардан алынған киім пакетінің сапасын субъективті критериялық көмегімен «өте жақсы», «жақсы», «қанағат», «жаман» баға беруден тұрады.

Материалдарды таңдауға нұсқау көбінесе кесте түрінде беріледі. Ол материалдар пакетінің қасиеттерінжәне олардың сапасының бағалануы тәжірибелік нәтижесінде ұсынылады.

Үшінші мақсаты пакеттегі берілген n материалдар қасиеттерінің зерттелуі негізінде киім пакетіндегі материалдарды біріктіру әдістерінің біреуін қолдануды бағалауға мүмкіндік береді.

Төртінші мақсаты: эксплуатациялық факторларының нақты шарттарға қарағандағы интенсивтілігі жоғарырақ болған кездегі пакет материалдарының көрсеткіштер қасиетінің зерттелуіндегі өзгеруіне негізделген.

Оларға жылу, ылғал, механикалық және басқа да факторлар әсерінен болатын тез қартаюі немесе бүліну әдістері жатады. Бұл әдісті қолданудағы міндетті шарты интенсификациялық зерттелуі әсерінің болмауы болып табылады. Эксплуатациялық шарттарды модельдеу үйлесімділігінің бұл әдістері материалдар жүйесінің тәртібінің ерекшілігін бағалау үшін қолданылады

Қасиеттер көрсеткіштерін болжамдау – бұл көрсеткіштер туралы берілгендерді қолдану негізінде материалдар жүйесінің қасиеттер көрсеткішін болжамдау (айту); берілген материалдар қасиеттерінің материалдар жүйесінің зерттелуі және алынуға дейінгі немесе материаладар жүйесінің алынуы туралы берілгендер негізінде.

Берілген текстиль материалдарының қасиеттері көрсеткіштері туралы берілгендер ретінде кез келген химиялық, физикалық, механикалық қасиеттері, сондай–ақ құрылымдық сипаттамасын және беттік сипаттамасының көрсеткіштерін қолдануға болады.

Материалдар жүйесін алу шарты туралы берілгендерге технологиялық үідірістің параметрлері қызмет етеді.

Материалдар жүйесінің қасиеттер көрсеткіштерінің болжамдалу әдістері келесі белгілер бойынша классификацияланады:

1.жүйеге кіретін бөлек материалдар, барлық берілген материалдар, сондай – ақ материалдар жүйесінің өзі зерттелу объектісі ретінде болуы мүмкін;

2.болжамдау мақсаты мен тапсырмаларынан алынған зерттеушілермен анықталатын зерттеу түрі бойынша;

3.киімді даярлаудан немесе оны эксплуатациялаудан технологиялық шарттарға жақындатылған, коршаған ортаның нормальды шарттарынан пайда болатын зертеудің шарттары мен параметрлері болуы мүмкін;

4. зерттелген көрсеткіштер арасындағы функционалдық құрамымен немесе басұа байланыстың болуы.

 

№8 дәріс.Эксперименталды цехтың жалпы сипаттамасы.

 

Экспериментальді цехтің мақсаты өндіріске модельдерді сапалы дайынау, оған мыналар кіреді:

- жаңа модельдерді конструкторлы және технологиялық дайындау;

- технологиялық процестің тиімді режимдерін жасау;

- бұйымды жасауға пайдаланатын материалдардың шығындарын нормалау;

- лекалдарды, трафареттерді дайындау;

- модельге техникалық құжаттаманы дайындау;

- Экпериментальді цехтің функцияларына мыналар кіреді:

- өндіріске енгізілген авторлық моделдергеқадағалауын іске асыру;

- тиімді және пайдаланған материалдарды бақылау;

- сән бағытына қарай және тұтынушылардың сұранысы бұйым ассортиментін жаңалау;

- бұйымның конструкциясын және технологиясын үнемі жетік пайдалану;

- бұйымның, модельдің, жабдықтардың жаңа түрлерімен танысуға цехтарға көмек көрсету;

- Экпериментальді цехта келесі топтар жұмыс істейді:

- модельді-конструкторлы топ;

- өндірістің технология және ұйымдастыру тобы;

- нормалау тобы;

- лекалды жасау тобы.

Модельді-конструкторлы топ әртүрлі модельдер мен конструкцияларды өңдеу және оларға лекалдарды дайындайды; бұйымның әртүрлі жаңа силуэттерінің негізгі конструкциясын өңдейді, осы бұйымдардың лекалдарын пайдалану жөнінде пішушілерге көмек көрсетеді, ортақ пішу үшін бөлшектерді унификациялау .......

Сән бағытын ескере отырып алдағы маусымға жаңа коллекция модельдерін жасайды; көрмелерде жаңа модельдерді көрсетеді; пішушілерге семинарларды өткізеді. Топ құтамына суретші-сәнгерлер мен конструкторлар кіреді.Технология және өндірісті ұйымдастыру тобы киімді дайындаудағы технологияны толық жетілдіру, бұйымды өңдеудің жаңа әдістерін енгізуді бөлек операцияларды механизациялайды, өндіріс цехтарында арнайы қондырғыларды пайдалана отырып еңбекті бөлу схемасын және өңдеудің тиімді әдістерін жасау және енгізу; жаңа модельдерді, техниканы және технологияны, маталарды оқып білу үшін жұмысшылар оқытудағы тәжірибелік көмек көрсетеді, өндіріс жұмысшыларына мамандық бойынша жаңа әдебиеттер туралы алда келе жатқан өндірістердің жұмыс істеу әдістері туралы ақпараттар береді.

Сонымен қатар технологиялық топқа модельдердің үлгілерін және бөлек түйіндерді дайындайды. Дайындалған киім модельдерінің үлгілерінің негізінде экпериментальді цехтың лобаранттары өңдеу әдістері және арнайы қондырғыларды пайдалану бойынша инструкциялы карталарды құрастырады.

Нормалау тобы негізгі және көмекші материалдарды пайдалану әдістерін тиімді енгізумен айналысады. Топ жұмысшылары барлық модельдерге маталар шығынын, нормаларын орнатады. Олар фотоэлектронды ИЛ машинасында лекалдар ауданын өлшейді, бұйымның өлшем және бойдың анықталған жинағын (сочетание) пайдалана отырып экспериментальді жаймаларды орындайды.

Материал шығынның нормасын анықтағаннан соң арнайы жылжымалы көшірме ПКУ қондырғы көмегімен жайманы суретке түсіреді.

Лекалды топ картоннан лекалдарды дайындайды және барлық модельдердің лекалдарын көбейтеді. Жинақтағы әрбір модельге лекал дайындайды.

 

№9 дәріс.Лекалдарды дайындауға қойылатын технологиялық талаптар.

 

Лекалдар сызбасы бөлшектердің құрылысын, пішінін, өңдеу және пішу үшін техникалық шарттардың анықтаудың техникалық құжат болып табылады. Лекалдар сызбасының құрастыруы салалық стандарттарды ұсынылған нормативті-техникалық құжаттары негізінде орындалады.

Лекалдар сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның үлгілік ерекшеліктері тұрғызылған. Техникалық сызба, бұйымды дайындауға ұсынылатын маталар қасиеттері, технологиялық өңдеу тәсілдері пайдаланылады.

Арнайы міндетіне байланысты лекалдар келесі түрлерге бөлінеді:

- оригинал лекалы;

- эталон лекалы;

- жұмысшы лекал;

- көмекші лекал.

Оригинал лекалы бұйымның негізгі өлшеміне дайындалған үлгісіне сәйкес болып келеді.

Эталон лекалы градация (көбейту) арқылы барлық бой өлшемдер үшін лекал-оригинал негізінде дайындалады. Эталон лекалдары жұмысшы лекалдардың сапасын тексеру үшін қолданылады.

Жұмысшы лекалдары эталон-лекалы бойынша дайындалып, бұйымның пішу шамасын орындау, мата шығынын анықтау және пішілген бөлшектердің сапасын тексеру үшін қолданылады.

Бөлшектердің қималардың сәйкестігін тексеру үшін көмекші лекалдар дайындайды.

Жалпы лекалдарды безендіру барысында бұйымның бөлшектердің негізгі және туынды бөлшектерге бөледі.

Негізгі бөлшектерге негізгі матадан пішілетін: артқы бой, алдыңғы бой, жең жатады.

Негізгі бөлшектер негізінде өңделетін бөлшектер туынды болып аталады. Бұл бөлшектер бұйымды безендіру немесе пішінді қалыптастыру үшін қолдануымыз мүмкін.

Туынды бөлшектерге келесі бөлшектер жатады.

1) Негізгі матадан – өңір астары, жоғарғы жаға, қалта, жапырақша, қақпақша, әдіптер, белдік.

2) Астарлы матадан – артқы бой, алдыңғы бой, жең, шалбар астары, майда бөлшектер.

3) Астарлық матадан – өңір аралығы, иық көтергіштері.

4) Желімділік (қатырма) аралықтан – алдыңғы бойдың қатырмасы, жырықтың қатырмасы, стегінің қатырмасы, жоғарғы жағаның қатырмасы және т.б.

Туынды бөлшектердің лекалдарын негізгі бөлшектер лекалдар бойынша технологиялық өңдеу тәсілдері есебімен орындайды.

Астарлы маталардың пішіндері қалыптастыру қасиеттері төмен, сондықтан бұл маталардан пішілетін бөлшектер де көлемдік пішіні құрылыстық тәсілдер арқылы пайда болады (бүкпелер, құрылыстық сызықтар).

Көмекші лекалдар дегеніміз бұйымды өңдеу барысында, мыс.- қалтаның орналасу жерін белгілеу үшін қолданылатын лекалдар.

Лекалдарды безендіру үшін қойылатын талаптар.

Тігін бұйымдарының лекалдар жинағына келесі мәліметтерді белгілейді:

- лекалдар аталуы (оригинал немесе эталон);

- бұйымның аталуы (бір негізді бөлшекте белгілер қойылады);

- үлгінің номері;

- лекалдардың арнайы (негізгі, түйінді, көмекші) міндеті;

- бөлшектердің аталуы (артқы бой, алдыңғы бой, өңір астары);

- бұйымның өлшемі, см (Т1-Т16-Т19).

Бір негізгі бөлшектің лекалына қосымша мәліметтерді жазып шығады:

- ұсынылатын өлшемдер;

- құрастырушының аты-жөні;

- өңдеу күні.

Оригинал лекалдарда келесі құрылыстық бөлшектердің өлшемдерін белгілеп шығады. (бақылау сызықтар):

- артқы бойдың ені;

- алдыңғы бойдың ені;

- бұйымның кеуде деңгейіндегі ені;

- бұйымның бел тұсындағы ені;

- бұйымның бөксе тұсындағы ені;

- жеңнің ені, ұзындығы;

- бұйымның ұзындығы.

Бір негізгі бөлшекте лекалдар жиынтығының кесте түрінде тізімін ұсынады (бөлшектер спецификациясы)

Бұйымның бөлшектерін пішу үшін лекалдарда келесі шартты белгілерді қойып шығады:

- негізгі типтік бағыты (нЖ);

- негізгі типтік бағытынан ауытқуы (%, һ см);

- бақылау керітпелер (қималарды сәйкестіру үшін қолданылады).

Өндірісте жұмыс лекалдары эталон лекалдар бойынша айсайын тексеріліп тұрады.

Негізгі жіптің бағыты мемлекеттік стандарттар бойынша белгіленеді (әр бөлшекте жеке түрінде қойылады). Мысалы, артқы бойдың н.ж. ортаңғы сызығына параллель бағытта түседі.

Негізгі жіптің бағытынан ауытқу шамасы пішу жаймасын орындау кезінде бөлшектің бағытын қай шамаға өзгертуге болатынын көрсетеді. Ауытқу шамасы бөлшектің түріне байланысты пайыз бойынша беріледі.

 

№10 дәріс.Лекалдарды дайындауға арналған құрал-жабдықтар.

 

Лекалдарды дайындау бір ізділігі келесілерден тұрады:

1. Берілген ұзындық бойынша картон парақтарын кеседі. Бір пакет үшін 3-6 дана картон парақтарын кеседі. Парақтардың біреуіне фигуралы тесіктердің орнын көрсетуімен лекал контурларын сызады.

2. Парақтар пакетін машиналы тізбекті бір жіпті тепшіммен бекітеді. Тепшімді лекалдарды жасаған кезде бөгет болмау үшін бекітеді.

3. Сыртқы контур бойымен лекалдарды кеседі.

4. Үлкен емес фигуралы тесіктерді теседі, мысалы түймелікті торлау үшін.

5. Ішкі контур бойымен лекалдарды кеседі.

6. Лекалдардың контуры немесе қималары бойынша таңбалайды.

Рулоннан картон лекалдарды кесу үшін РЛЗ-2 машинасы арналған. Картонды лекалдар пакетін бекіту үшін 226 кл тігін машинасы арналған. Лекалды сыртқы контур бойымен кесу үшін ВЛН-1 машинасы арналған. Лекалда фигуралы тесіктерді тесу үшін ВЛО-1 машинасы арналған. Лекалды ішкі контур бойымен кесу үшін ВЛВ-1 машинасы арналған (бүкпе, қатпарлар және т.б.). Лекалдарды таңбалау үшін КСЛ-1 машинасы арналған.

Лекалдар станционарлы кронштейндерде немесе бір немесе екісөрелі тізбекті ілмекті конвейерде ілініп сақталынады. Лекалдар сақтайтын бөлмеде температура 18-20 °С және ауаның ылғалдығы 60-70% болады.

 

№11 дәріс.Пішу цехы жөнінде жалпы мағлұмат.

 

Кәсіпорнының барлық жұмыстарының бір қалыптығы пішу цехтын жұмысын ұтымды ұйымдастыруына байланысты.

Пішу цехта келесі жұмыстар орындалады:

- матаны төсеу – маталарды белгілі ұзындығы мен ені бойынша қабаттап төсеу, шеттерін, жиектерін түзелеу. Төсемді қол мен немесе арнайы төсем жасайтын машина көмегімен орындайды;

- матаны пішу - өндірістің өте маңызды кезеңі болып табылады.

Бұл жұмыс екі тәсілмен орындалады:

а) жылжымалы арнайы пішу машиналарды (мысалы ЭЗДМ-3, ЭЗМ-3, С3-529, 530 және т.б.) қолдана отырып төсемді бөлшектерге бөледі, және үлкен бөлшектерді шамалап жарым-жартылай қиып алады.

б) жылжымайтын ленталы пішу машиналар (мысалы РЛ-3, РЛ-4 және т.б.) көмегімен төсемнің жеке бөліктерінен бұйымның бөлшектерің қиып алу;

в) бақылау лекалдар арқылы пішілген бөлшектердің сапасын тексеру;

г) пішу бөлшектерді нөмерлеп, жинақтау. Бір бұйымның барлық бөлшектерінде бірдей номір болуға тиіс. Бөлшектерді бумаға бір модель, өлшем бойымен бұйым бойынша жинақтайды;

д) пішу бөліктерді сақтау – жинақталған пішу бөліктердің бумаларын көп қатарлы сөрелерде сақтайды. Тігін цехтардың ұзілмей жұмыс істеуіне пішу бөлшектердің 1,5 күнге жететін қоры болуға қажет.

 

№12 дәріс.Матаның жаймасы.

 

Жайма дегеніміз – ол лекалдардың мата бетіне немесе қағазда орналасқан көшірмесі. Егер де лекалдардың қағаз немесе клеенка бетінде орналастырып, содан кейін бөлшектер қималарың тесіп шықса оны трафарет деп атайды. Пішу кезінде төсемнің ең үстінгі қабатына лекалдар жаймасы салынады. Трафаретті қолдану кезінде төсемнің үстінгі қабатына лекалдар орналасқан сүретті трафарет тесіктер арқылы бор немесе синьканы себіп түсіреді. Трафаретті дайындау үшін крафт деген қалын қағазды, орау арналған қағазды, немесе арнайы клеенканы қолданады. Ең сапалы, төзімді кездеме крафт қағаз болады.

Кездемелердің жаймасы «бетін төмен қаратып» және «бетке бет» төсеу болады. Жайманың бірінші әдісі барлық маталар түрлеріне қолданады. Кездемелердің төсеу саны тақ және жұп болады. «Бетпе бет» төсеу әдісі төсеу жұп кездемелердің оң бетін ішке қаратып төсейді. Бұндай жағдайда жұп бөлшектер, мысалы артқы бойдың екі бөлігі, алдыңғы бойдың екі бөлшегі екі кездемеден пішілуі мүмкін. Нәтижесінде олардың пішін үйлесімі және өлшемдері үлкен нақтылықты береді.

Пішу цехында бір есептеу картасы бойынша маталарды жайма столдарына орналастырады. Маталарды төсеу маталар орамдарынан немесе алдын ала белгілі ұзындыққа кесілген маталардан болуы мүмкін.

Маталарды төсеу төсеу машиналар көмегімен орындалады немесе маталарды жаймалардың шеттерін қысатын сызғышы бар құралған столға қолмен төсейді.

Түкті маталарды және суреті бар маталарды түктің және суреттің бағытымен, әрбір тақ кездемені 180° бұрып «бетпе бет» төсейді. Жолақтары немесе тор көздері бар маталарды «бетпе бет» жаймаға төсеген кезде әрбір кездемеде жолақтары немесе тор көздері бір біріне сәйкес болуын қадағалайды. Кейбір жағдай осы шартты орындау үшін кездеменің шетін жатық боялған жерін сәл көбірек жылжытады.

Әр түрлі суреттері ұзына бағытталған маталарды, сонымен қатар тоқыма кездемелерді пішу кезінде лекал аралық аралықтарды азайту үшін лекалдарды бір бағытға бағыттап орналастырады.

Маталарды төсеген кезде матаның ақауларын дайын бұйымға түспеуін қадағалайды.

Маталарды қолмен төсеу. Маталардың жаймасы бір ізді немесе параллельді әдісті болуы мүмкін.

Есептеу картаға сәйкес бір ізді әдісі кезінде бірінші төсем орындалады сосын екінші төсем және солай сияқты орындалады. Бұл әдісті әр түрлі орамнан маталарды төсеу үшін орындайды.

Алдын ала есептеу картасында қарастырылған параллельді төсеу әдісі кезінде жаймаларды бір уақытта орындайды. Осы әдісті орындау үшін бірнеше төсем столдарды пайдаланады. Бірінші столда мата орамын төсейді, қалған мата орамды екінші столға төсейді. Бір столдан екінші столға мата орамын жылжыту үшін КШП-116 және ТШП-84 құралдарды пайдаланады.

Төсем столдың ұзындығы және ені алдын ала төсемге дайындаған матаның ұзындығы мен еніне байланысты. Маталардың ені бойынша кесі үшін және кездеменің шетін бекітіп ұстау үшін ОПН машинасы арналған. Бұл машина әр түрлі енді жұқа жібек матадан қалың жүн матаға дейін маталарды төсеу үшін қолданады.

КД-1 сақиналы сызғыш маталарды қолмен төсеген кезде кездемелерді кесу үшін пайдаланады. Кездеменің екінші шетін тегістеп қысып ұстау үшін ЛП-1600 және ЛП-1300 сақиналы сызғыштар қолданылады. Егер төсем столда әр түрлі ұзындықты кездемелерге МЛ-1 сызғышын пайдаланады.

Маталарды машималы төсеу.Маталарды төсеу үшін екі типті машиналар болады:

- орамды маталарды немесе маталарды төсем стол бойымен жылжыту үшін арналаған электр жетегі бар арбалар;

- маталарды төсем стол бойымен тарту үшін арналған арбалар.

№13 дәріс.Пішу машиналары.

 

Берілген сызықтар бойымен маталарды кесу физикалық процесс болып саналады. Бұл процесс әр түрлі типті пышақтар көмегімен орындалады. Пішу құрал-саймандарды екі топқа бөлінеді: маталарды әмбебапты құрал-саймандармен пішу және маталарды арнайы құрал-саймандармен