Вербалдық шарттар ұғымы

Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі

1.Шарт - бұл екі немесе одан да көп тараптардың кандай да болмасын міндеттемені бекітуі туралы келісімі. Римде міндеттеменің ең көп кездесетін қайнар көзі шарт(contractus) болды.

Контракт термині орыстың шарт терминінің синонимі. Бастапқыда ол тек шартқа қатысты ғана емес басқа міндеттемелерге қатысты да қолданылды.

1 и 2 Б. 1.3 фрагменттерді қатар қарастырсақ, біз Папинианның Демосфеннің аудармасына анықтама бере отырып, соntrahuntur деликті туралы жазады; алдау, қылмыс жасау fraudem contrahare, сrimen соntrahare сөздерімен көрсетіледі. Бірте-бірте contrahare, contractus сөздері жақын сөздер бола бастады және ол міндеттеме ретінде тараптардың келісімі арқылы пайда болатын және талаппен қорғалатын шарт түсінігіне катысты қолданылды.

Кейіннен римнің құқықты жүйелеушілері жалпы ұғым conventinio-келісімді қолдана бастады. Бүл мынадай түрлерге бөлівді: а) contractus - талаппен қорғалатын шарт, б) pactum - келісім, ех nudo расtо асtіо non nascitur (Сентенции Павла, 2.14.1) ережесінесәйкес талап берілмеді.

Ульпиан conventio сөзін түсіндіре отырып: адамдар әртүрлі жерден бір жерге әртүрлі мақсатпен бірігеді, олар бір нәрсеге келіседі.

Кез-келген шартта екі тараптың еркі білдіріледі, сондықтан шарт-бұл екі жақты мәміле. Міндеттердің бір тарапқа бекітілуі немесе екі тарапқа да бекітілуіне байланысты мәміле бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, сатып алу-сату шарты екі жақты шарт, себебі тараптардың екеуінде де міндет те, құқық та бар. Сатушының құқығы сатылған тауарына ақша сомасын алу, сатып алушының сатып алынған тауарды алу. Міндеттері: ақша төлеу, екіншісінікі тауарды беру. Ал, қарыз шарты біржақты. Шарт жарамды деп есептелінеді, егерде шарттың міндетті талаптары сақталса. Бұл талаптарға: шарттың бекітілген нысанын сақгау; ерік пен ерік білдірудің сәйкес келуі; шартта мәнді талаптардың болуы; шарт негізінің болуы. Ерік- тұлғаның шарт жасауға ниеті. Ерік білдіру- еріктің сыртқа шыққан көрінісі. Ерік білдіру ерікке сәйкес келмейді деп есептелінеді, егерде шарт қорқыту, алдау, адастыру негізінде жасалған болса. Бірақ барлық адасудың құқықтық маңызы болған жоқ. Құқықтық адасу мәміле сипатындағы қате, мәміле пәніндегі, міндеттеме мақсатындағы қате. Келісімде тараптардың еркі еркін көрсетілуі тиіс. Кез-келген мәміледе ерік мүлде болмайды, егер мәмілені бала жасаса, ақыл-есі жоқтар жасаса. Сонымен қатар шарт деп танылмайды қалжың салдарынан жасалған мәміле, бүркемелеу мақсатында жасалған мәміле. Бүркемелеу арқылы жасалған мәміле дегеніміз- бір мәміле екінші мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын болса. Заңды түрде танылған ерік шартта ( мүлде болмауы мүмкін. Сондықтан шарттың мәнді талаптары деген түсінік болды. Бүл талаптар оларсыз шарт болуы мүмкін емес және жасалмаған деп саналатын талаптар. Кез-келген шарттың өзінің мәнді талаптары бар және оны тараптар оған келісуі керек. Шарт өзінің мақсатына және мазмұнына сәйкес анықталған болуы кажет. Шарт анықталған болуы керек мазмұны бойынша, соның ішінде әрекет және затқа қатысты, сонымен қатар несие берушінің мүддесін көрсетуі тиіс. Шарт құқық қабілетті және азаматтық мәртебесі бар тараптармен жасалган кезде заңды деп саналады. Шарттың пәні заттар, ақша, жұмыс, қызмет болуы мүмкін. Шарттың пәні топтық белгілермен немесе жеке белгілермен анықталған зат болуы мүмкін. Жеке белгілерімен анықталған зат жойылған кезде міндеттемені табиғи түрде орьндау мүмкін емес болды немесе жойылған затты ауыстыру мүмкін болмайтын. Борышқордың кінәсінсіз топтық белгілерімен анықталатын зат жойылған кезде міндеттеме тоқтатылмайды, себебі жойылған затты ауыс-тыру мүмкіндігі сақталды.

Шарттың мәнді талабы мерзім болуы да мүмкін. Мерзім- шарттың әрекет ету немесе тоқтату кезеңін білдіретін уақыт аралығы. Мерзім күнтізбелік, анықталмаған немесе шартты болуы мүмкін.

Шартты мерзім кезінде міндеттеменің пайда болуы немесе тоқтатылуы белгілі бір жағдайларға байланысты. Шартты мерзім пайда болуы кейінге қалдырлатын немесе тоқтатылуы кейінге қалдырылатын мерзім болуы мүмкін.

Шарттың тараптары.Шартты жасаушы түлғалар шарттың тараптары немесе субъектілері деп аталды. Рим құқығы тараптардан шартты тікелей өздерінің жасауын міндеттеді.

Тек кейіннен ғана кейбір шарттар бойынша өкіл арқылы шарт жасау қарастырылды. Шарт тек әрекет қабілетті түлғалар үшін ғана өз еркімен шарт жасау мүмкіндігін берді. Әрекет қабілетсіз тұлғалар үшін шартты олардың занды өкілдері жасады. 7 жастан асқан әрекет-кабілетсіздер тек өзіне тиесілі мүлік көлемін көбейтуге қатысты ғана мәмілелерді жасай алатын.

Кейбір жағдайда шартқа бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысатын. Егерде міндеттеме пәні бөлінбейтін болса, одан туындайтын міндеттемені әр қатысушы өзінің үлесіне қатысты орындайтын. Бұл үлестік міндеттеме. Ортақтасқан жауапкершілікте бірнеше субъектінің әрқайсысы міндеттемені тұтас орындайтын болды немесе тұтас талап етуге қүқылы болды.

Шарттарды топтастыру.Рим құқығы шарттардың төрт түрін таныды: вербальды контракт, литтеральды контракт, реальды контракт және консенсуальды контрактілер. Сонымен қатар аталған топтастырудың біреуіне де жатпайтын шарттар болды. Соған байланысты римдіктер оларды атаусыз контрактілер деп атады. Римде аталған шарттардың ішінде вербальды шарттар ерте кезде пайда болған шарт болып табылады. Вербальды контракт -бұл ауызша контракт жэне оның жарамдылығы үшін бекітілген тәртіптегі сөздерді айту жеткілікті болды. Вербальды шарттың негізгі түрі стипуляция. Нақты шарттар тараптардың келісімге келген кезінен емес, затты берген кезден күшіне енетін шарттар. Нақты шарттар: қарыз шарты, ссуда шарты, сақтау шарты, кепілзат шарты. Консенсуальды шарттар- тараптардың келісімге келген кезінен жасалды деп есептелінетін шартгар. Консенсуальды шарттар: сатьш алу-сату, жалдау, тапсырма, серіктестік шарты. Литтеральды шарт дегеніміз жазбаша шарт, оған кіріс-шығыс кітап-тары т.б. жатады.

2. Вербальды контракт міндеттемені сөз арқылы бекітетін, яғни белгілі фразалар мен формулаларды жеткізу арқылы жасалатын шарттар. Жоғарыда айтқандай ауызша шарттардың негізгісі стипуляция шарты. Стипуляция тек біржақты міндеттемені туындатты, яғни бір тараптың тек құқығы, ал екінші тараптың міндеті болды. Стипуляция кезінде несие беруші борышқордан тек қарыз сомасын талап ете алатын және пайыз не шығынды талап ете алмайтын. Рим жеке құқығының қайнар көздерінде стипуляция кей жағдайда stips - монета, от stipulum -таяқ, stipulus -мықты деген сөздерді білдіретін. Стипуляция абстрактілі шарт, яғни негізі анық емес. Стипуляция негізге байланысты емес, керісінше бекітілген форманы сақтағанына байланысты.

« Другое дело, - говорит Улышан, - если должник sine verbis adnuisset”, т.е. кивнет утвердительно головой, не произнеся ни слова (Д.45.1.1.2); в этом случае стипуляции нет: вербальный контракт не может быть заключен без verba. Басқаша айтқанда, егер борышқор sine verbis adnuisset басын изесе, ешқандай сөз айтпаса, мұндай жағдайда стипуляция болмайды. Вербальды контракт verba арқылы ғана жасалады.

2. Стипуляция несие берушіге немесе борышқорға басқа да тұлғалардың өз алдына несие беруші немесе борышқор немесе қосымша борышқор не несие беруші қосылуына жол берді. Егер екі немесе одан да көп несие беруші борышқорға бірдей сұрақ қойса ол ортақ жауап қайтарады.

Классикалық кезеңде стипуляциядан пайда болатын міндеттеме тоқтатылды тек сұрақ және жауап нысанындағы символикалық орындау арқылы. Мысалы:- мен саған уәде еткенді алдың ба?- Алдым.

Классикалық кезеңнен кейін стипуляция жазбаша құжат болады,

яғни оны құрастыру (жазу) міндеттеменің пайда болуы үшін мәнді,

Стипуляцияға қажетті талап болып шартты жасау кезінде тараптардың

қатысуы болып қала берді. Стипуляциядан басқа вербальды контрактінің жекелеген түрлеріне: қалыңдықтан, оның туысқандарынан немесе борышқорларынан некеге тұратын ер адамға жасау беру туралы уәде, сонымен қатар еркіне жіберілген түлғаның өз патронына адал қызмет көрсетуі, өзіне берілген міндеттерді адал орындауы туралы анты. Еркіне жіберілген тұлға тарапынан патронға жасалатын қызмет көрсету туралы заңи сипатқа ие болды, егер ол арнайы міндеттемені ант ретінде қабылдаса.

Консенсуальды шарттың бір түрі болып табылатын сатып алу-сату шарты бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды қабылдап алып сатушыға бекітілген ақшаны төлеуге міндеттенеді. Сатып алу-сату шартының негізгі шаруашылық мақсаты- сатып алушының өзінің шаруашылығына қажетті тауарын алуы.

 

Бақылау сұрақтары:

Шарттың тараптары

Консенсуалды шарттар

Вербалды шарттар

Литералды шарттар

Атаусыз шарттар