Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары.


Дәріс.

Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғы шарты және субьектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеру және т.б. Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңнілік дүниедегі адам мәңгілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық құбылыс: ол туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру- бұл біздің қоғам азаматы ретінде болмысымыз. Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:

- табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар;

- биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;

- тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қанының негізінде болатын және

дамитын факторлар, бұл биологиялық (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым

қуаламайды);

- әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен

қарым-қатынаста және өзара іс-әрект арқылы сіңісті болып, қабылдаған

белгілер.

Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың обьектісі және субьектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады. Адам-жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық ,«ерекшелік » дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал«жеке өзіндік» дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды. Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі.Тұлға дегеніміз бұл - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.Әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде тұлға мен қоғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар үш элементтен құралады: 1)Тұлғаның іздену элементі; 2)Қоғамның ұсыну элементі; 3) Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік қатынастардың обьектісі ретінде тұғаның өзін ұқсастыру процесінің үш түрі бар.1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату; 2)Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстық т.б.); 3) Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және тұлғаның әлеуметтенуі.

Әрбір тұлға белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт,жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары,туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипытын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін,саяси ықпалын,партияға мүшелігін,ұлтын, дінін, жас мөлшерін,отбасылық жағдайын және т.б. қамтиды. Бұларды Р.Мертон «мәртебелік жиынтық» деп атаған. Әлеуметтік мәртебе зө кезегінде адамның өмірге келген сәтінен белгіленген, яғни субьектіден тәуелсіз туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің зө күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді.Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 30жж. Американың әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдамада әр түрлі әлеуметтану ағымдарында,әсіресе құрылымдық-функциялық сараптау ағымында кеңінен тарады.Т. Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды,бұл рөлдер қоғамдағы кез-келген индивидтерге тән.Әлеуметтік рөл - бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлғааралық қатынастағы тұлғаның обьективті берілген әлеуметтік ұстанымы.Тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол қалыптастырған құндылықтар мен нормаларды меңгереді. Әлеуметтендіру- ауқымды және қүрделі процесс.Ол өзінің табиғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік обьектісі және субьектісі тұрақты, адамның үздіксіз және қарқынды өзара әрекеті. Әлеуметтендірудің екі түрі бар.Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның,алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, оқу және еңбек ұжымдарының, жұмыстағы тікелей басшылардың жәнет.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар, құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған щақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.