Дәріс.


Оғамның типтері және атқаратын қызметтері.

Оғамның даму сатылары.

Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.

Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы көсемшілік қоғам.

Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.

Төртінші саты - неолиттік революция.

Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы.

Алтыншы саты - аграрлық қоғам.

Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.

Қоғамның көптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі өндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бөлуде 60-жылдары жаңа көзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі,индустиарлды, постиндустриалды болып бөлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қызметтерді атқарады: материалдық игіліктерді ндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді өндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек өнімдерін бөлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару