Дәріс. Негізгі тармақ хаттамасы


В) 802.1Q стандартын қолданатын VLAN

Б) VLAN MAC-адрес базасында

А) порт базасындағы VLAN

Порт базасындағы VLAN-ды қолдануда (бұл портқа қандай компьютер немесе тұтынушы қосылғанына байланысты емес), әрбір порт нақты бір VLAN-ға тәуелді болады. Бұл осы портқа қосылған барлық тұтынушылар бір VLAN-ның мүшесі бола алады. Портты конфигурациялауды тек өзіміз өзгерте аламыз. Оның негізгі сипаттамалары:

- бір коммутатор аймағында қолданылуы. Мысалы, бір коммутаторға бірнеше жұмысшы топтарын ұйымдастыру.

-реттеу (настройки) қарапайымдылығы. Бір VLAN-ға қосылған әрбір портқа бір немесе сол идентификатор VLAN (VLAN ID) беріледі.

-станцияны басқа жаққа көшірмей-ақ желі топологиясын логикалық өзгерту мүмкіндігі.Ол үшінбір VLAN-ның порт нөмірін екінші VLAN-ға ауыстыру керек. Мысалы: техникалық бөлімдегі VLAN –ды сату бөлімінің VLAN –на, сонда жұмысшы станция жаңа мүшелерімен бірге қатынастарды (ресурстарды) орындай алады.

-әрбір порт тек бір VLAN-ға ғана кіре алады.Бір коммутатор ішінде немесе екі коммутатор аралығында виртуалды желіні ұйымдастыру үшін IP деңгейін қолдану қажет. Әрбір VLAN-ның бір порты маршрутизаторға қосылады және онда бір желіден екінші желіге берілетін пакеттің маршрут кестесі жазылады.

Мұның кемшілігі әрбір VLAN-ның бір порты маршрутизаторға қосылуы, өйткені қолданылатын кабель мен порт және маршрутизаторлардың көп қолданылуы шығынды көбейтеді. Бұл кемшілікті болдырмас үшін екі әдіс қолданылады: біріншіден: бір портты бірнеше VLAN-қосылатын коммутаторларды қолдану, екіншіден: 3-ші деңгейлі коммутаторды қолдану.

Бұл әдіс администраторлардың қолмен енгізу жұмыстарын талап етеді. Бірақ та бұл виртуалды желіні құрауда бірнеше порттарды топтастыруға қарағанда бірнеше коммутаторларды қолдану тиімді әрі иілгіш болып келеді. Әрбір коммутаторға МАС-адрестерін топтастыру бірнеше порттарды құруды болдырмайды.

Бұл технология фреймдерді (теггирование) белгілейді:

- tagging – «тегирование» - 802.1q стандарты бойынша VLAN туралы ақпаратты фреймге енгізеді;

- untagging – «растегирование» - 802.1q стандарты бойынша VLAN туралы ақпаратты фреймнен алып тастайды;

- ingress port – кіріс порты, фрейм келетін порт және (tagging «тегирование») бар жоғын анықтайды;

- egress port – шығыс порты, тексеруден өткен фреймнің шығысы.

Мазмұны:

-негізгі тармақ хаттамасы;

- негізгі тармақтағы STP және RSTP хаттамаларының параметрлерін басқару.

 

Мақсаты:

- Spanning Tree (STA) алгоритмін оқып-үйрену;

- негізгі тармақтағы STP және RSTP хаттамаларының параметрлерін басқаруды оқып-үйрену.