Матрицалы коммутация құрылымы


Дәріс. Координатты және матрицалы коммутатор.

 

Мазмұны:

-координатты және матрицалы коммутаторларға жалпы түсінік;

- матрицалы коммутатордың қиылысу нүктесін буферлеу.

 

Мақсаты:

- координатты және матрицалы коммутатордың құрылу принципін оқып-үйрену;

- коммутатор құрылымын оқып-үйрену.

 

Ішкі блокировкаланбайтын коммутация құрылымы 4.1- суретте көрсетілгендей өзара байланысты орнату үшін тік бұрышты қиылысқан матрица түрде болуы мүмкін. Осымен бірге бір мезгілде кез-келген бос жұп кіріс-шығыстың байланыс мүмкіндігі болады. Кіріс пен шығыстың қиылысу байланысы ұяшық ақпаратына тәуелді болады.

Буферлер коммутация құрылымының ішінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін:

– кіріс бақылаушысында;

– шығыс бақылаушысында;

– матрица түйіндерінде.

 

 

4.1 Сурет – матрицалы коммутация құрылымы

IC – кіріс бақылаушы

ОС – шығыс бақылаушы

 

Кіріс буферлі матрицалы коммутатор

4.2 – суретте көрсетілген матрицалы коммутация құрылымында жеке буферлер кіріс бақылаушыда орналасқан. FIFО (first-in first-out) буферін қолданғанда конкуренция екі немесе бірнеше ұяшықтардың бір мезгілде бір шығысқа бағытталуынан пайда болады [3,8]. Мұндай жағдайда блокировка тізбектің басында болады. Бұл жағдайда блокировканы тудырмас үшін FIFО буферін еркін таңдаудағы (RAM) есте сақтау қондырғысына орналастыру қажет. Егер бірінші ұяшық блокировкаланып қалса, онда беру үшін берілетін порты бос болатын келесі ұяшық таңдалады.

4.2 Сурет – кіріс буферлі матрицалы коммутатор