ІІІ Лизинг 2 страница


Сабақтың типі: дәріс

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

 

Жаңа тақырып Кәсіпорынның қаржы ресурсы – қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген және қайта жаңартуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табыстар мен кідіртілген төлемдер түріндегі бір бөлігі

Шығуына қарай қаржы ресурстары

· сыртқы

· ішкі

Ішкі ресурстар – таза пайда және амортизация түрінде, соныымен қатар кәсіпорын қызметкерлері, салық органдары, бюджеттен тыс мекемелер түрінде болады

Таза пайда – кәсіпорынның жалпы түскен табыс сомасынан шығындары мен міндетті төлемдерді (салықтар, алымдар, айыппұлдар, өсімақы, % т.б) алып тастағанда қалатын табысын білдіреді

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________ 2010ж.

(қолы) мерзімі күні

Ұйымдардағы НҚ мен МЕА экономикалық мәні,құрамы және құрылымы

Негiзгi құралдарды қайта бағалауды уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша субъeктi жүргiзедi.

Негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзу қажеттiлiгiнiң негiздерi:

1) негiзгi құралдардың құнын әдiл құнға сәйкес келтiру;

2) негiзгi құралдарды жасаушы зауыттың техникалық құжаттамасы бойынша қызмет көрсетудегi нормативтiк мерзiмiнiң iс жүзiнде пайдалану мерзiмiне сәйкес келмеуi;

3) ҒТП нәтижесiнде iс жүзiнде тозығының жетуi, шаруашылық қызмет талаптарының өзгеруi, экономикалық факторлардың ықпал етуi;

4) НҚтехникалық сипаттамаларының нашарлауына алып келетiн басқа да қолайсыз, көзделмеген факторлардың ықпалы болып табылады.

НҚ қайта бағалауды субъектi он екi айда бiр реттен жиi емес жүргiзедi.

НҚ қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағалағаннан (индексациялағаннан) бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.

Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___24_____

Сабақ тақырыбы Ұйымдардағы НҚ мен МЕА экономикалық мәні,құрамы және құрылымы

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: дәріс

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

 

Жаңа тақырып

Негiзгi құралдарды қайта бағалауды уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша субъeктi жүргiзедi.

Негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзу қажеттiлiгiнiң негiздерi:

1) негiзгi құралдардың құнын әдiл құнға сәйкес келтiру;

2) негiзгi құралдарды жасаушы зауыттың техникалық құжаттамасы бойынша қызмет көрсетудегi нормативтiк мерзiмiнiң iс жүзiнде пайдалану мерзiмiне сәйкес келмеуi;

3) ҒТП нәтижесiнде iс жүзiнде тозығының жетуi, шаруашылық қызмет талаптарының өзгеруi, экономикалық факторлардың ықпал етуi;

4) НҚтехникалық сипаттамаларының нашарлауына алып келетiн басқа да қолайсыз, көзделмеген факторлардың ықпалы болып табылады.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________ 2010ж.

(қолы) мерзімі күні

Негізгі қорлардың орта жылдық құнын, амортизация сомаларын анықтау

НҚ жылдық орташа жылдық құны келесі формуламен анықталады:

 

Мұндағы: НҚж.о.қ. – НҚ орташа жылдық құны

НҚ ж.б.қ . НҚ бастапқы құны

НҚ е.қ. – НҚ енгізілу құны

НҚ ж.қ.– НҚ жойылу құны

АС– енгізілген НҚ қызмет ету ай саны

А– шығарылған НҚ қызмет ету айлары саны

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.

Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Амортизацияның әдістері

Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.

№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:

1) Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі-қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

ТОО «Аксай» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:

Дт 7210 Кт 2420 30 000

Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:

1 800 000 * 20% = 360 000

Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады

Мерзімі Бастапқы құны Амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған тозу сомасы Қалдық құны
Сатып алынған кездегі 1-ші ж/аяғында 2-ші ж/аяғында 3-ші ж/аяғында 4-ші ж/аяғында 5-ші ж/аяғында     2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000 2 000 000   - --------- 360 000 360 000 360 000 360 000 360 000     ---------- 360 000 720 000 1 080 000 1 440 000 1 800 000     2 000 000 1 640 000 1 280 000 920 000 560 000 200 000

 

2) Өндірістік әдіс.

Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бәр дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Бастапқы құн – қалдық құны әр жылдағы

Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны * өндірілген өнім саны =

=әр жылда өндірілген өнім саны = теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны

Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,12 теңгені құрайды

Егер станок бірінші жылы 4 миллион

екінші жылы 4 миллион

үшінші жылы 3 миллион

төртінші жылы 2 миллион

бесінші жылы 2 миллион

өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері

бірінші жылы 480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

екінші жылы 480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

үшінші жылы 360 000тг = 3 миллион * 0,12 = 360 000

төртінші жылы 240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000

бесінші жылы 240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000

Станокқа өндірістік әдісі бойынша амортизациялық аударым кестесі

Мерзімі Бастапқы құны Өндірілген өнім көлемі Амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған тозу сомасы Қалдық құны Айға есептелген амортизация сомасы
Сатып алынған кездегі 1-ші ж/аяғында 2-ші ж/аяғында 3-ші ж/аяғында 4-ші ж/аяғында 5-ші ж/аяғында   2 000 000   2 000 000   2 000 000   2 000 000   2 000 000   2 000 000   -------------   4 000 000   4 000 000   3 000 000   2 000 000   2 000 000   ----------------   480 000   480 000   360 000   240 000   240 000   ------------   480 000   960 000   1 320 000   1 560 000   1 800 000   2 000 000   1 520 000   1 040 000   680 000   440 000   200 000   -----------   40 000   40 000   30 000   20 000   20 000

 

Дт7210 Дт 2420 40 000

3)Кумулятивті әдіс.

Кумулятивті әдіс- латын тілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.

Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

АА = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)

Пайдаланатын жыл

сандарының қосындысы

Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни

бірінші жылы 5/15

екінші жылы 4/15

үшінші жылы 3/15

төртінші жылы 2/15

бесінші жылы 1/15 –ге тең болады.

Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда оның амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 - 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

1- жыл АА = 5/15 * (2 000 000 – 200 000) = 600 000

2- жыл АА = 4/15 * (2 000 000 – 200 000) = 480 000

3- жыл АА = 3/15 * (2 000 000 – 200 000) = 360 000

4- жыл АА = 2/15 * (2 000 000 – 200 000) = 240 000

5- жыл АА = 1/15 * (2 000 000 – 200 000) = 120 000

Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:

мұндағы,

S – сандардың қосындысы;

N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).

Біздің мысалымыз бойынша

егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады.

Кумулятивтік әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі

Мерзімі Бастапқы құны Амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған тозу сомасы Қалдық құны Айға есептелген амортизация сомасы
Сатып алынған кездегі 1-ші ж/аяғында 2-ші ж/аяғында 3-ші ж/аяғында 4-ші ж/аяғында 5-ші ж/аяғында   2 000 000   2 000 000   2 000 000   2 000 000   2 000 000   2 000 000   ----------------   5/15*1 800 000 = 600 000   4/15*1 800 000 = 480 000   3/15*1 800 000 = 360 000   2/15*1 800 000 = 240 000   1/15*1 800 000 = 120 000   ------------   600 000   1 080 000   1 440 000   1 680 000   1 800 000   2 000 000   1 400 000   920 000   560 000   320 000   200 000   -----------   50 000   40 000   30 000   20 000   10 000

Дт7210 Кт2420 50 000

3) Кемімелі – қалдық әдісі.

Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп, өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.

 

Кемімелі-қалдық әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі

Мерзімі Бастапқы құны Амортизацияның жылдық сомасы Жинақталған тозу сомасы Қалдық құны Айға есептелген амортизация сомасы
Сатып алынған кездегі 1-ші ж/аяғында   2-ші ж/аяғында   3-ші ж/аяғында   4-ші ж/аяғында 5-ші ж/аяғында   2 000 000   2 000 000     2 000 000     2 000 000   2 000 000   2 000 000   ----------------   40%*2 000 000 = 800 000     40%*(2 000 000-800 000) = 480 000   40%*(2 000 000-1 280 000) = 288 000 40%*(2 000 000-1 568 000) = 172 800 159 200-100 000 = 59 200   ------------   800 000     1 280 000     1 568 000   1 740 000   1 800 000   2 000 000   1 200 000     720 000     432 000   260 000   200 000   -----------   66 667     40 000     24 000   14 400   4 933

Дт7210 Кт2420 66 667

 

Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.

Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.

Амортизация ведомосі 46- қосымшада көрсетілеген.

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___25_____

Сабақ тақырыбы Негізгі қорлардың орта жылдық құнын, амортизация сомаларын анықтау

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: тәжерибелік сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

 

Жаңа тақырып

НҚ жылдық орташа жылдық құны келесі формуламен анықталады:

 

Мұндағы: НҚж.о.қ. – НҚ орташа жылдық құны

НҚ ж.б.қ . НҚ бастапқы құны

НҚ е.қ. – НҚ енгізілу құны

НҚ ж.қ.– НҚ жойылу құны

АС– енгізілген НҚ қызмет ету ай саны

А– шығарылған НҚ қызмет ету айлары саны

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________ 2010ж.

(қолы) мерзімі күні

Күрделі салымдарды қаржыландыру

Кәсіпорынға қажетті ресурстар шамасын есептеу үшін, ең алдымен қандай мұқтаждықтарды қаржылындыру керек екендігін анықтау қажет. Басқаша айтқанда, қаржыландыру қажеттілігі инвестиция жасау қажеттілігінен туындайды. Инвестиция көлеміне әдетте мынадай шығындар кіреді;

1. Жер сатып алу және оны байланыс жүйесіне қосу үшін шығындар.

2. Машиналар мен құрал жабдықтар, аспап пен саймандар алу үшін шығындар

3. Материалдық емес активтер алу үшін шығындар